Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

2-3 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкімет басшылары, сондай-ақ Өзбекстан Премьер-Министрі ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет өкілі ретінде қатысады.

 Іс-шараның күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық, техникалық реттеу, теміржол және мультимодальдық жүк тасымалы, энергетика және т.б. мәселелерді қамтиды.