Алматыда Асанәлі Әшімұлы дауыс берді

Алматыда Асанәлі Әшімұлы дауыс берді
almaty-akshamy.kz

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімұлы «Самал» шағынауданында орналасқан №382 сайлау учаскесіне барып, президент болуға лайықты санаған үміткерін таңдады. 

«Халықтың әл-ауқаты, көңіл-күйі түзелмей, береке болмайды. Көңіл-күй жақсы болған кезде ғана жұмыста береке болады. Бұл бір. Екіншіден, ғылым, білім, мәдениетті дамыту керек. Ұлылардың айтуынша, мәдениетсіз, әдебиетсіз ел – ел емес. Сондықтан мен таңдаған кандидат осыған көп көңіл бөледі деп сенемін. Келешек үшін адал қызмет істейді деп ойлаймын», - деді Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімұлы.