Алматыда этномәдени бірлестіктер арасында спорттық жарыс өтті

Алматыда этномәдени бірлестіктер арасында спорттық жарыс өтті
Сурет:Inform.kz

Мақсат – ұлтаралық достықты нығайту.

Алматыда этномәдени бірлестіктер арасында спорттық жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған шараға қырғыз, өзбек, ұйғыр, дүнген халқының өкілдері келген. Мақсат – ұлтаралық достықты нығайту.  Жарысқа қатысушылар - 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шахмат, волейбол, үстел теннисі сынды спорт түрін де қамту жоспарланған.

«Мақсат – бәсекелестік емес, чемпионды анықтау емес, бір-біріміздің достығымызды арттыру. Енді бұл үрдіс жыл сайын жалғасады деп жоспарлап отырмыз. Бұл бастамасы. Алдымызда келе жатқан Балаларды қорғау күніне орай, түрлі ұлт өкілдерінің балалары арасында жарыс ұйымдастыру жоспарымызда бар», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Шайтұрсын.