Алматыда есірткі сатқан әйел қолға түсті

Алматыда есірткі сатқан әйел қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

27 жастағы К. есімді әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда есірткі саудасымен айналысқан күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 жастағы әйел адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы электрондық ақпараттық ресурстарды қолданып, есірткі заттарын өткізгені үшін ұсталды.

«Ауданымыздың аумағында 27 жастағы К. есімді азаматша ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ерекше иісті ақ түсті ұнтақ заты бар 9 бума табылды және тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,5-тармағы бойынша тіркелді. Сараптама қорытындысы бойынша, бұл – психотроптық зат. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.