Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Бұлақ» үйірмесі жұмысын бастады

Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Бұлақ» үйірмесі жұмысын бастады
Сурет: Ашық дереккөзі

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерге, балалар үйлеріне  және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған «Бұлақ» атты үйірме жұмысы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
 
«Бұлақ – бұл таза су тіршілік көзі. Ол шөліңді қандырады, өміріңді нәрлендіреді және біздің күшімізді жаңартады. Сонымен, үйірмедегі сабақтар балаларға рухани және шығармашылық тұрғыдан дамуға, әлеуметтенуге, тапсырмаларды дәйекті орындауға, зейінді, интеллектті, қиялды, реакция жылдамдығы мен табандылықты, сондай-ақ саусақтардың  ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

«Бәйтерек – Астана символы» алғашқы сабағына «Сәби тілегі» қоғамдық қорының балалары шақырылды. Слайдтың көмегімен балаларға Астананың қалыптасуы, оның көрікті жерлері туралы айтылды, олардың арасында Бәйтерек Қазақстанның болашақ өркендеуіне деген ұмтылысының символы болып табылады. Содан кейін жас үйірмешілер өлең оқып, «Бәйтерек» аппликациясын жасап, логоритмиканы орындады. Сондай-ақ, бүлдіршіндеріміз үшін музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

«Бұлақ» үйірме сабағы әр бейсенбі сайын өтіп тұрады.