Депутаттар ел аралауға шығады

Депутаттар ел аралауға шығады
Сурет: Ult.kz

Мәжіліс депутаттары бір аптадан кейін ел аймақтарын аралап, халықпен кездеседі

Депутаттар халықтың көкейіндегі мәселелерді тыңдап, оларды шешуге ат салысады. Бұл туралы Палата төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Оның айтуынша, депутаттар Президент айтқан ескертулерден қорытынды шығарып, әрі қарай жұмыс істеуі керек.

«Өз кезегімізде барлық әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларды тиісті сапалы заңдармен қамтамасыз етуге жұдырықтай жұмылуымыз керек. Сонымен бірге енді бір аптадан кейін барлығымыз сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шығатын боламыз. Сол кезде осы нақты қадамдарды әрбір сайлаушыға, әрбір азаматқа жеткізуіміз қажет. Ел игілігіне қызмет ету – баршамыздың басты парызымыз», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.