Алматыда доллар бағамы құбылып тұр

Алматыда доллар бағамы  құбылып тұр
almaty-akshamy.kz

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 450,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 446,5 – 449,1 теңге аралығында құбылып тұр. 8 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге төмендеп, 445,93 теңге болған. Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,88 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,64 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,53 – 4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,65 - 4,75 теңгеден сатылуда.