Алматыда доллар 480-487 теңгеден саудаланып жатыр

Алматыда доллар 480-487 теңгеден саудаланып жатыр
Сурет: Akchabar.kg

Доллардың ресми бағамы – 477,73 теңге.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480-487 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 480-484 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы 481,5-487 теңге аралығында құбылып тұр.

21 қыркүйектегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге қымбаттап, 477,86 теңге болған.

Ұлттық банктің 22 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477,73 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35-7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.