Қазақстанда машина жасау өндірісі 37 пайызға артқан

Қазақстанда машина жасау өндірісі 37 пайызға артқан
Сурет: Motor1.com

Автомобиль құрастыруда 15%-ға өсім бар.

Қазақстанда машина жасау өндірісі өткен жылға қарағанда 37 пайызға артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Машина өндірісінің ішінде автомобиль құрастыруда 15%-ға өсім бар. Астанада екі күн бойы өтетін өңдеу өнеркәсібінің тауарлары қойылған халықаралық көрмеде бұл техникалар көпшілік назарына ұсынылды.

Биыл салаға тартылған инвестиция көлемі де 23 пайызға ұлғайған. Жыл басынан елде 700 млрд теңгеге 69 мыңға жуық техника шығарылыпты.

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, өңдеу өнеркәсібі саласында әлі де өсім болады. Өйткені 160-қа жуық жаңа кәсіпорын ашылмақ. Ал машина жасау ісіне баса мән беріледі.