Алматыда «Бүкіл отбасымен дауыс береміз» акциясы өтуде 

Алматыда «Бүкіл отбасымен дауыс береміз» акциясы өтуде 
almaty-akshamy.kz

Мегаполис аумағында барлығы 603 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. 

Дәстүр бойынша дауыс беру пункттерінің жұмысы Әнұранмен басталды. Ал алғашқы дауыс берушілерді арнайы дайындалған сыйлықтармен қарсы алды. Қазір сайлау учаскелерінде көңілді әуен ойнап, жәрмеңкелер жұмыс істеп жатыр.   
«Мен алғаш рет ата-анаммен сайлауға  келгенім есімде. Сол бала кезімнен  сайлаудың  маңыздылығын түсініп өссем, қазір өзім де ұлымды ертіп келдім", –  дейді №21 учаскеде дауыс берген алматылық Константин. 
Қазір «Бүкіл отбасымен дауыс береміз» акциясы қаланың барлық аудандарында өтуде. Қатысушылардың пікірінше, бұл - патриотизмнің нақты көрінісі.  Мұнда ата-аналар өз балаларына азаматтық белсенділік танытудың және сайлау процесіне қатысудың қаншалықты маңызды екенін көрсете алады. 
Бұл күні ең жас сайлаушыларға тәтті сыйлықтар берілді. Сондықтан бұл сәт  алғашқы сайлау ретінде есте қалары сөзсіз.