Алматыда бойжеткен қыз сайлау учаскесіне итпен келді

Алматыда бойжеткен қыз сайлау учаскесіне итпен келді
almaty-akshamy.kz

Комиссия мүшелері қала тұрғынын сайлау учаскесіне үй жануарымен кіруге рұқсат берген. Маринаның айтуынша, бұл өте жағымды сәт, бұл болашақта жануарларға қатысты жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет жануарларды жақсы ұстау, үйсіз жануарлардың санын азайту мақсатында үлкен қадамдар жасап, маңызды реформалар жүргізуде. Сайлауға келген әрбір азамат өзінің азаматтық міндетін мойындап, өз елінің өсіп-өркендеуі мен дамуына өз үлесін қосуы қажет. Алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Көптеген реформалар өте жақсы жүргізілуде, сондықтан мемлекетімізге үлкен рахмет», – деді  қала тұрғыны Марина Барсукова.