Алматыда бокстан ересектер арасындағы халықаралық жарыс өтеді

Алматыда бокстан ересектер арасындағы халықаралық жарыс өтеді
Сурет: Prosports.kz

Шара 10-15 мамыр аралығына өтеді.

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Аталған байрақты бәсеке 10-15 мамыр аралығына жоспарланған. 

Айта кетерлігі, қазіргі таңда бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып, дайындықтарын пысықтап жатыр. Былғары қолғап шеберлерінің оқу-жаттығу жиындары Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында өтуде.