Елімізге «Big Bon» кеспеcінің орнына 25 мың бөтелке арақ кіргізбек болған

Елімізге «Big Bon» кеспеcінің орнына 25 мың бөтелке арақ кіргізбек болған
Сурет: Tengrinews.kz

Бұл оқиға Жамбыл облысында орын алған.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген шаралар барысында Айша бибі шекара бекетінде екі автокөлікті ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Шекара бекетінде күдік туғызған екі қырғыз азаматы ұсталған. И. атты азамат тізгіндеген 07KG133AAG нөмірлі «Мерседес» автокөлігі және Б. басқарып келе жатқан № 09KG510AAV «Penault Premium» көлігі тоқтатылды.

Аталған автокөліктерді тексеру барысында «Parlament» және «Antivirus» маркалы алкоголь өнімінің 25 920 бөтелкесін Қазақстан аумағына заңсыз әкелу фактісі анықталды. Бұл ретте алкоголь өнімдерінің бұл партиясы «Big Bon» тез дайындалатын кеспе ретінде жасырын тасымалданды. Алдын ала қорытынды бойынша ұсталған алкоголь өнімі партиясының жалпы құны - 25 660 800 теңге.

Аталған факті бойынша Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті алкоголь өнімінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша қылмыстық іс қозғалды.