Алматыда екі жаңа емхана салынады

Алматыда екі жаңа емхана салынады
almaty-akshamy.kz

Медициналық мекемелерге түсетін жүктемені азайту мақсатында биыл 5 денсаулық сақтау объектісін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты.

Оның ішінде, әрқайсысы 500 орындық 2 жаңа емхана салу көзделген. Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысындағы бірінші  емхана үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу осы жылдың ақпан айында басталды. Мемлекеттік сараптаманы жыл соңына дейін алу күтілуде.

Екінші емхана Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында орналасады. Жобалау-сметалық құжаттама наурыз айында басталды. №4 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың қазан айында басталады 500 орындық қалалық орталық клиникалық аурухананың жаңа корпусын салу жоспарлануда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау 2024 жылдың II тоқсанына жоспарланған.