Алматыда «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 1000-нан астам пәтер беріледі

Алматыда «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 1000-нан астам пәтер беріледі
naked-science.ru

Азаматтарға тұрғын үй іздеуге көмек көрсету үшін ағымдағы жылдың қараша айында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша «Алма Сити-5» ТК және «Мәдениет» ТК салынған пәтерлерді броньдауға рұқсат беруді қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Бұл туралы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, экология және жастарды қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысында қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров хабарлады.

«2021 жылғы 13 қазандағы жағдай бойынша, 4 млрд. теңге сомасына 271 кредиттік қарыз берілді», - деп хабарлады Е.Әміров. Сондай-ақ, отырыста жас отбасылардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, экологиялық жағдай және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Ағымдағы жылдың басынан «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 60 көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.

148 тұрғын үйде 2,5 млрд.теңгеге 315 лифт ауыстырылды, жыл соңына дейін барлық лифтілерді ауыстыруды аяқтау жоспарлануда. Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында басқарма тарапынан кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Қалада ҚТҚ шығаруды 25 қоқыс шығарушы ұйым жүзеге асырады. 2021 жылы Алматы қаласының аумағында 13 стихиялық қоқыс орны дер кезінде анықталып, тоқтатылды.

Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары өз баяндамасында «Алматы жастары» төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Қазіргі уақытта 13,8 млрд.теңге сомасына 837 кредиттік қарыз берілді.

Бүгінгі таңда жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске асыру аясында «Алма Сити-5» ТК 1 026 пәтерді және «Мәдениет» ТК 24 пәтерді беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қорытындылай келе, Е.Әміров тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес, жетім балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінген пәтерлердің жалпы санының кемінде 20%-ы бөлінетінін атап өтті.