Алматыда батуттық гимнастикадан ел біріншілігі өтеді

Алматыда батуттық гимнастикадан ел біріншілігі өтеді
Сурет: Dush4.kz

200-ден астам спортшы қатысады.

Алматыда батуттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Әртүрлі жас санаты бойынша өтетін чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Айта кетерлігі, аталған ел чемпионаты биылғы әлем чемпионатына іріктеу жарысы болып саналды. Батуттық гимнастикадан биыл әлем чемпионаты 16-19 қараша күндері Болгарияда өтеді.