Алматыда азық-түлік дүкенінен 130 мың теңгені қолды қылған азамат ұсталды

Алматыда азық-түлік дүкенінен 130 мың теңгені қолды қылған азамат ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен азамат қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі – заңсыз ену арқылы бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 40 жастағы А. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«1-ші шағынаудандағы үйлердің бірінде орналасқан азық-түлік дүкенінің кассасынан 130 мың теңге ұрланғаннан кейін қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталды. Анықталғандай, күдікті сыртқы есіктің торын қысу арқылы дүкенге кіріп, ақшаны ұрлап кеткен. Ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта тергеумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның жеке басы да бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Бұлтартпау шарасы ретінде қамау таңдалды», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ полицияда, ҚР ҚПК-нің 201-бабы мен ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық істің басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайтынын хабарлайды.