Алматыда аула аумақтарының стандарты енгізіледі

Алматыда аула аумақтарының стандарты енгізіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жаңа жылдан бастап аула аумақтарының стандарттарын енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аула аумақтарын жайлы қала стандарттарына сәйкес ретке келтіру қажет. Қазір сәулетшілер мен урбанистер жұмысқа кірісті.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берген кезде айтты. 

«Біз осы стандарттарды ереже ретінде бекіткіміз келеді. Қазір заң бойынша алдыңғы жүргізілген жұмыстарға бес жыл толмайынша аулада тіпті кішігірім жұмысты да жүргізуге болмайды. Егер бұл норма алынып тасталса, онда бұл уақытты жоғалтпай, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады, яғни біз үнемі жұмыс істей аламыз», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Аула алаңдарын абаттандыру кезінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін инклюзивті орта құруға ерекше назар аударылады. Бұл ретте жылдың кез келген уақытында және кез келген ауа райы жағдайында қала тұрғындарына жайлы болу үшін барлық балалар алаңдары мен воркаут-аймақтарда арнайы шатырларды орналастыру қарастырылады. 

Сонымен қатар, жаңа стандарттарға сәйкес аула аумақтарын міндетті түрде көгалдандыру және т. б. жоспарлануда.