Алматыда ауа райының күрт бұзылуының салдары жойылды

Алматыда ауа райының күрт бұзылуының салдары жойылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ауа-райының күрт нашарлап, нөсер жауынмен қатты жел соғудың саладарынан қалада 26 ағаштың құлауы тіркелді. 29 наурыз таңға дейін барлық учаске тазартылып, құлаған ағаштар кесіліп, шығарылды.

Түнгі кезеңде арық арқылы судың кедергісіз ағып кетуі қамтамасыз етілді. Барлық арық өткелі тазартылды, су басатын орындарға 344 бірлік арнайы техника мен 163 жұмысшы жұмылдырылды. Қауіпті учаскелерде су басудың алдын алу мақсатында 953 қап инертті материал пайдаланылды.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты «АЖК» желілері түнгі кезеңде 25 ажыратылды, электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ желісі бойынша жарық 2 рет өшірілді, ағаштың құлауына байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2024 жылғы 28 наурыздағы ауа-райының күрт нашарлауы мен жылдамдығ 18-24 м/с дейін соққан қатты желден Ақсай-4 шағын ауданындағы №132 мектеп шатырының кей жері ұшып кеткен. 

  • Мектеп 1988 жылы салынды, соңғы күрделі жөндеу 2007 жылы жүргізілді. 
  • Мердігер ұйымдардың күшімен каникул аяқталғанға дейін шатырға жөндеу жүргізіледі.
  • Бостандық ауданындағы құрылыс пен менеджмент колледжінің шатыры аздап зардап шеккен. Оны ғимарат иелері қалпына келтіреді. 
  • Сигналды жедел өңдеу мақсатында қаланың ТЖД-да жедел желі ашылып,  «112» операторларының саны артты.
  • Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, зардап шеккендер жоқ.
  • Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
  • «Қазгидромет» РМК болжауынша, 29 наурызда 2 мм-ге дейін, 30 наурызда 8 мм-ге дейін жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Анықтама: ағаштар көлікке құлаған жағдайда, ағаштың құлау фактісін тіркеу және оқиғаның сызбасын жасау үшін жол патрулдік полициясын шақыру қажет. Келтірілген залалды өтеу үшін залалдың құнын бағалау жүргізу керек. Сонымен қатар, келтірілген залалды өтеуге жауапты адамды айқындау үшін мемлекеттік органдарға өтініш жазу арқылы сотқа дейінгі наразылық жұмыстарын жүргізу және қажет болса залал сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгіну керек.