Алматыда ауа ластанады

Алматыда ауа ластанады
Сурет: интернеттен

Бұл тізімде Ақтөбе мен Атырау да бар.

Синоптиктер жексенбі, 23 шілдеде Қазақстанның үш қаласында ауа ластанатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мамандардың болжамынша, бүгін Алматы, Атырау және Ақтөбеде ауадағы зиянды заттардың мөлшері жоғарылайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.