Алматыда апатты ағаштар бірнеше көлікті басып қалды

Алматыда апатты ағаштар бірнеше көлікті басып қалды
Cурет: видеодан алынды

Алматыны қар басты.

Түнде басталған жаңбыр соңы қарға ұласты. Мұндай күндері Алматыда апатты жағдайлар да арта түседі.

Бүгін таңғы жетілер шамасында 9-ықшам ауданында 48, 49, 52 үйлердің маңында ағаш бірнеше көліктің үстіне құлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ағаш шамамен 5-6 көлікті басып қалған. Бұл оқиға жайында Kris_p_almaty-ның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.