YouTube-тің Premium сервисі елімізде іске қосылды

YouTube-тің Premium сервисі елімізде іске қосылды Сурет: интернеттен

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.


Ол қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Сүйінші жаңалық! Өткен жылдың наурызында Кремний алқабына жұмыс сапары барысында мен Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесіп, сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылаған едім. Ал бүгін сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға – елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам», деп жазды Бағдат Мусин Telegram арнасында.



Оның айтуынша, басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қолжетімділікті, бейнематериалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


Сонымен қатар, министр қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42