Алматыда ангиохирургтар кейуананы инсульттан құтқарды

Алматыда ангиохирургтар кейуананы инсульттан құтқарды
almaty-akshamy.kz

Алматыда ангиохирургтар 77 жастағы әйелді инсульттан құтқарды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ОҚКА баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға шұғыл түрде 77 жасар алматылық қысымының көтерілуімен ишемиялық қауіп клиникасымен емделуге жеткізілді. 

Тамырды емдейтін хирург Сұлтан Илиев тексерген кезде, әсіресе, брахиоцефальды көктамырына ультрадыбыстық допплерография жүргізген кезде сол жағындағы ұйқы күретамырының 95%-ға дейінгі тарылуы анықталған. 

«Ұйқы безінің тарылуы - бұл мидың қанмен қамтамасыз етілуіне жауап беретін тамыр арнасының тарылуы. Мұндай тарылу түрі өлім салдарына дейін апаратын ауқымды инсультқа әкелуі мүмкін. Біздің пациентте тура осы ауыр жағдай орын алып, көктамырдың тарылуы 95%-ға дейін жеткен. Біз пациентке жергілікті анестезия арқылы: Селективті церебральды ангиография. Сол жақтан ішкі ұйқы безін тенттеу секілді шағын инвазивті операция жүргіздік»,- деді Илиев. 

Дәрігердің айтуынша, бұл - рентгенхирургияда заманауи келешегі зор бағыттың бірі болып саналатын жоғары технологиялық операция. 

«Осыған ұқсас операция біздің заманауи құралымыз - ангиографиялық қондырғыда жүргізілуі көктамыр арнасының нақты көрінуіне септігін тигізіп, көктамырдың ұзындығы мен орналасқанына қателі интерпертацияны болдырмайды. Операция сәтті өтті, пациент өзін жақсы сезінеді», - деп түсіндірді дәрігер. 

Сондай-ақ, ишемиялық инсульттың аса жиі туындау салдарының бірі дәл осы транзиторлық ишемиялық қауіптің төнуі, кейде ол шағын инсульт деп те аталады. 

Ишемиялық қауіп кезінде бас мидың кейбір учаскелерінде қанмен қамтамасыз етілуі төмендейді. Бұдан уақытша бас айналып, көздің көруі нашарлап, аяқтың ұйып қалуымен терісіне ине кіргендей аурады және қол немесе аяқта әлсіздік орын алып 30 минутқа дейін созылады. 

Инсульттың туындау қаупі транзиторлық ишемиялық қауіппен ауырған адамдарда көптеп кездеседі. 

Статистика бойынша ишемиялық инсульт аурушаңдық арасында бірінші орында, ол еңбек ету қабілетін жоғалтуға апарады. 

Инсультпен ауырған 10 - 20% пациенттерде ғана еңбек ету қабілеті қалпына келеді.