Алматыда «Аманат» республикалық жыршылар фестивалі өтті

Алматыда «Аманат» республикалық жыршылар фестивалі өтті
Сурет: Almaty.tv

12 жыршы қатысты

Алматы қаласы күніне орай «Аманат» республикалық жыршылар фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Алматы қаласы мәдениет басқармасы мен  «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты  – тарихымыздан дара дәстүрді жоғалтпай, ізін жалғаған жас жыршылар есімін кеңінен таныстыру, ұлттық өнерді дәріптеу. Елдің әр түкпірінен 12 жыршы қатысты. Олар екі бағыт бойынша өнер көрсетеді. Алғашқы бөлімде өздері арнайы дайындаған өсиет жырды орындаса, екінші кезеңде батырлар жырын көпшілікке ұсынады.

Айта кетейік, қала кұніне орай 16 қыркүйекте  сағат 15:00-де белгілі ақындардың қатысуымен айтыс өтеді. Кешті театрдың директоры Ринат Зайытов жүргізеді.