Алматыда Акваплоггинг өтеді

Алматыда Акваплоггинг өтеді
Almaty-akshamy.kz

2024 жылғы 13-14 сәуірде Алматы қаласының Түрксіб ауданында Әуежай көлінде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Акваплоггинг өтеді. 

13 сәуірде сағат 11.00-де көл жағасында сенбілік өтеді.

Тазарту жұмыстарынан кейін мұнда он бірінші жыл сайынғы «Көктемгі старттар» балалар су-спорттық жарыстары өтеді.

Жарыстың негізгі мақсаты – Түрксіб ауданында жасөспірімдер арасында су туризмін насихаттау. 

Жарыс екі кезеңде өтеді:

1. 13 сәуір - 2-сынып мүшелері аға топ үшін (16-20 жас) 

2. 14 сәуір - 1 сынып мүшелері үшін кіші топ (13-16 жас)

2024 жылы 12 сәуір - қатысушыларды тіркеу күні.

Жарысқа қатысу тегін. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады. 

Басталуы: 2024 жылғы 13-14 сәуір сағат 11.00

Байланыс нөмірі: Қанат Әлімбетов - +7 775 138 2877