Алматыда АҚШ доллары 482 теңгеден сатылып жатыр

Алматыда АҚШ доллары 482 теңгеден сатылып жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Доллар 0,48 теңгеге қымбаттаған.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,48 теңгеге қымбаттап, теңгеге шаққандағы құны 479, 39 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 478, 90 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар бағасы – 478 теңге, сатып алу – 482 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату құны – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.

Ресей рублі 7,35 - 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 28 қыркүйек күні ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,24 теңге.