Алматы мен Ыстықкөл арасында электр автобустары қатынауы мүмкін

Алматы мен Ыстықкөл арасында электр автобустары қатынауы мүмкін
Сурет: Fotobus.msk.ru

Бұдан былай Алматыдан Бішкекке электр автобустарымен баруға болады.

Көлік және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі қырғыз-қазақ жұмыс тобының екінші отырысы өткен. Онда Алматы-Ыстықкөл баламалы жолының құрылысы бойынша жобаның ағымдағы мәртебесі қаралған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған бағыт бойынша электр автобустарын пайдалана отырып, тұрақты жолаушылар тасымалын іске қосуды ұсынған.

Электр автобустары Ыстықкөлге туристер ағынын едәуір арттыратыны айтылды. Алматылықтар үшін Ыстықкөл сапары демалыс күнінің бағыты болуы мүмкін.