Алматыда 6 пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Алматыда 6 пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда алты пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Алматы облысының бұрын сотталған 38 жастағы тұрғыны шаһарда 6 ұрлық жасады деген күдікке ілінді, Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 «Үй иелерінің үйде жоқтығына көз жеткізген ер адам жеке үйлердің терезелері арқылы кіріп, ақша, электроника, зергерлік бұйымдарды, бір сөзбен айтқанда, қолына іліккеннің бәрін ұрлаған. Ол кезекті ұрлықтан кейін ұсталды. Оның уақытша тұрғылықты жерін тінту барысында кілттер, ұялы телефондар, түрлі операторлардың SIM-карталары, банк карталары табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта қаскөйдің қылмыстық әрекетінің қосымша эпизодтарын құжаттандыруға бағытталған қажетті тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша бір өндіріске біріктірілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.