Алматыда Мексика консулдығы ашылды

Алматыда Мексика консулдығы ашылды
Сурет: Inform.kz

Екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайту

Алматыда Мексика консулдығы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Консулдықтың жұмысы екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Салтанатты шараға Венгрия, Бельгия, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің елшілері арнайы келіп, құттықтау сөздерін айтты.

«Бұл консулдықтың екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға септесетініне сенімім мол. Біздің елдің азаматтарына Мексикаға виза алу мәселесі де жеңілдей түседі деген ойдамын. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Ол үшін аянбай еңбек етуіміз керек», – деді Мексиканың Қазақстандағы құрметті консулы Ерқанат Қожахметов.