Алматыда 5 076 мүгедек сайлаушы бар

Алматыда 5 076 мүгедек сайлаушы бар
almaty-akshamy.kz

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлер үшін ерекше жағдай жасалды

Сайлау құқығы бар мұқтаж адамдарды қамтамасыз ету үшін қалада 65 инватакси және 500-ден астам көшпелі топ ұйымдастырылды. Үйден таңдау жасау үшін 1062 дауыс беру жәшігі дайындалды.

Алматы қаласы бойынша барлығы 65 ҰОС ардагері және дауыс беру кезінде ерекше жағдайға мұқтаж 5 076 мүгедек сайлаушы бар. Оның 2551-і мүгедектер арбасын пайдаланады, 1382-сі көру, ал 1143-і есту және сөйлеу қабілетінен толық айрылған.