Индонезияда 6,5 балдық жер сілкінісі болды

Индонезияда 6,5 балдық жер сілкінісі болды
Сурет: www.aa.com.tr

Цунами туралы хабарлама болмаған

Индонезияның батысындағы Бенгкулу провинциясында магнитудасы 6,5 балға жететін жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Джакарта уақытымен сағат 21:31-де болған.
Зілзала ошағы Каур ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 64 шақырым жерде орналасқан. Гипоцентрі теңіз түбінің 12 км тереңдігінде тіркелген. Цунами туралы хабарлама болмаған.