Димаш жапон тілінде ән шырқайды

Димаш жапон тілінде ән шырқайды
Сурет: Popcake.tv

Димаш Құдайберген жуырда Токиода өтетін джаз фестиваліне қатысады

Қазақстандық өнер жұлдызы Димаш Құдайберген 28 қараша күні Токиода өтетін джаз фестивалінде жапон тілінде ән айтады. Осыған орай dimashnews сайты фестивальді ұйымдастырушы белгілі продюсер, «NHK» телекомпаниясының өкілі Хироюки Яманакадан сұхбат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

20 жыл қатарынан үзілмей өтіп келе жатқан фестивальге Димаш осымен екінші рет қатысқалы отыр. Сұхбат барысында жапон продюсері Димаштың былтырғы фестивальге қатысуы Жапония тұрғындарына таңғажайып әсер сыйлағанын айтады.