Алматыда 2024 жылы 7 жаңа қонақ үй салынады

Алматыда 2024 жылы 7 жаңа қонақ үй салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 208,4 млрд. теңгеге 3287 нөмірлі 23 қонақ үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2024 жылы 7 қонақ үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған жобалар 2027 жылға дейін бітеді. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл қаланың нөмірлік қорын ұлғайтуға, сонымен қатар туристердің мегаполисте болу жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мегаполисте әртүрлі санаттағы 345 қонақ үй бар. Алматы қаласының нөмірлік қоры 11 454 бірлік, қонақ үй нысандарының біржолғы сыйымдылығы 21,8 мың орыннан асады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда жеке инвестициялар есебінен 161 орынға арналған 4 қонақ үй инфрақұрылымы нысаны ашылды. Олардың ішінде: «Qazaq Auyl» мейрамханалық кешені бар эко-қонақ үй, «Grand Mildom», «Medeu camp», «Dami hotel» қонақ үйлері бар.