Алматыда 2023 жылы қандай білім беру нысандары салынады?

Алматыда 2023 жылы қандай білім беру нысандары салынады?
almaty-akshamy.kz

Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2 жыл ішінде 37,1 мың оқушыға арналған 22 жайлы мектеп салынады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты. Бұдан басқа, 3 970 орындық 9 білім беру нысанын іске қосу жоспарлануда.

Ерболат Досаев балаларды қорғау күні Мемлекет басшысының қатысуымен Наурызбай ауданында инновациялық шығармашылық орталығы ашылғанын атап өтті. Оның қамтылуы-аптасына 5 мың бала. Осындай орталық 1 қыркүйекке дейін Алатау ауданында ашылады. Сонымен қатар, жыл басынан бері 3 мыңнан астам студентті оқыту үшін колледждерде 3 құзыреттілік орталығы өз есігін ашты.