Алматыда 133 мың оқушы тегін тамақпен қамтылған

Алматыда 133 мың оқушы тегін тамақпен қамтылған
mail.kz

- Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушыларын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жобасы жүріп жатыр, - деді Е.Досаев 2023-2025 жылдардың бюджет жобасын талқылау барысында.

Осы мақсатқа 2022 жылы 7,1 млрд. теңге бөлінді. Келесі жылдан бастап жалпы оқушы санының 45%-ін, яғни 133 мың баланы тамақпен қамти отырып, жобаны іске асыруды жалғастыруды жоспарлануда.

Өнімдердің қымбаттауын ескере отырып, ата-аналар мен жалға алушылардың өтініші бойынша тамақтану құны 560 теңгеден 800 теңгеге дейін көтерілді. Осы мақсатқа 2023 жылғы бюджет жобасында 20,4 млрд. теңге жоспарланды.