Алматыда 10 мамырда «Сарайшықтан сәлем саз» атты концерт өтеді

Алматыда 10 мамырда «Сарайшықтан сәлем саз» атты концерт өтеді

Концерт Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар ғимаратында өтеді.

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Алматыға гастрольдік сапармен келеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 

Концерт Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар ғимаратында өтеді.

Күйші Құрманғазы бабамыз, күй анасы Дина туған қасиетті өлкеден шыққан өнер ұжымы Алатау баурайында «Сарайшықтан сәлем саз» атты концерттік бағдарламасын көрермендер назарына ұсынады.

Кеште ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты Айгүл Үлкенбаева, республикалық конкурстардың лауреаты Сәтжан Шаменов, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Аманжан Басығариев, ҚР «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Какимов, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жәнібек Жәмиев, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бақытбек Сарсенов, Ринат Ғимранов, Жанна Тұяқова, Берік Амантаев сынды жеке орындауда күйші, әнші-жыршылар өнер көрсетеді.