Алматыда 1 қыркүйектен бастап ЖРВИ жұқтырудың 74 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Алматыда 1 қыркүйектен бастап ЖРВИ жұқтырудың 74 мыңнан астам жағдайы тіркелді
almaty-akshamy.kz

Алматының санитарлық дәрігерлері осы күзде  респираторлық аурулардың белең алғанын атап өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сәдуақас Байғабылов алматылықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастыруға шақырды, өйткені шекаралас елдерде COVID-19 жағдайы нашарлауда. Сонымен қатар, коронавирус ЖРВИ ретінде маскировка жасай алады.

«Алматыда эпидемиологиялық жағдай оптимистік сценарий бойынша дамып келе жатқанына қарамастан, жеке қорғаныс құралдарын назардан тыс қалдырмау керек, қолды жиі жуу, антисептиктермен өңдеу, қашықтықты сақтау, үй-жайларды желдету қажет. Вакцинация өзіңізді қорғауға көмектеседі. Біз «сары аймақта»екенімізді есте ұстаған жөн, бұл коронавируспен күрес шараларының сақталуын бақылауды күшейтуді білдіреді», - деді СЭБД басшысының орынбасары.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, 1 қыркүйектен бастап азаматтар арасында ЖРВИ-дің 74 426 жағдайы тіркелген. Өткен жылы осы кезеңде барлығы 17 731 жағдай болды. С. Байғабылов ЖРВИ адамдарды коронавирусқа осал ететінін атап өтті.

Айта кетсек, Алматыда тұмау тіркелген жоқ. Осы уақытта қалада коронавирусқа және тұмауға қарсы белсенді вакциналану жалғасуда. Қазірдің өзінде 105 114 тұрғын тұмауға қарсы екпе алды, олардың басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен егілді.

«Коронавирусқа қарсы иммундау науқаны жалғасуда. Алматыда ұжымдық иммунитеттің деңгейі 55,2%-ды құрайды, оның ішінде вакцинацияланған азаматтардың 47,2%-ы және жыл басынан бері ауырып жазылған адамдардың 8%-ы. Бізге сенімді иммундық қабат қалыптастырып, халықтың 80% вакцинациялау қажет», - деді Сәдуақас Байғабылов.

СЭБД басшысының орынбасары вакцинацияланбаған азаматтардың коронавирусты жұқтыру қаупі әлі де бар екенін айтты. Мысалы, бір апта ішінде КВИ-мен ауырған 1033 адамның 194-і егілген, қалған 81%-ы егілмеген.

Эпидемиологтар көбінесе вакцинациядан жалтарған азаматтар жұқтырады деп санайды. Талдау көрсеткендей, жұқтырғандардың 30% - дан астамы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе жұмыссыздар, 20%-дан астамы – зейнеткерлер, 19,5%-ы – кәсіпорын қызметкерлері. Жұқтырған оқушылар саны 14% және мектеп жасына дейінгі балалар – 6% құрайды.

Айта кетсек, оқушылардың 94%-ы сыныпта емес, үйде ересек отбасы мүшелерімен байланыста болған.

Негізгі жұқтыру орындары бұрынғысынша сауда объектілері – 28%, қоғамдық көлік – 21,4%, отбасылардағы байланыстар – 22,3% және базарлар – 8% болып қалуда.

Сәдуақас Байғабылов вакциналану адамды коронавирустық инфекциядан қорғауға кепілдік бере алмайтынын, бірақ дерттің жеңіл түрде өтетінін атап өтті. Вакциналану – денсаулықты сақтаудың тиімді жол. Еске салсақ, алматылықтар қаладағы 137 егу пунктінің бірін барып, тегін екпе ала алады.