Алдағы күндері Қазақстанда күн күрт суытады

Алдағы күндері Қазақстанда күн күрт суытады
Сурет: Gornovosti.ru

Еліміздің барлық аумағында қар жауады.

«Қазгидромет» 7-9 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің барлық аумағында қар жауады.

«Республика аумағында боран, көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман болады деп болжануда. Бірақ 7 қаңтарда жауын-шашынның біртіндеп тоқтап, ауа температурасының күрт төмендейді», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, термометрлердің бағандары:

  • батыста, орталықта -20 дейін...-28°С;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте -25 дейін...-33°С;
  • шығыста -5 дейін...-13°С;
  • оңтүстікте -0-ге дейін...-10°С дейін төмендейді.