Қарызын уақтылы төлемеген ШҚО тұрғыны Алматыда жасырынып жүрген

Қарызын уақтылы төлемеген ШҚО тұрғыны Алматыда жасырынып жүрген Сурет: Polisia.kz

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері төленбеген борыштарына байланысты сот орындаушыларынан жасырынып жүрген 160-тан астам азаматты анықтады


ШҚО-да 61 жастағы борышкер үш жыл бойы Алматы қаласында жасырынып жүрген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Көші-қон қызметі жұмысының бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздестіру болып табылады. Мәселен, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Глубокое аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөліміне екі миллион теңгеден астам қарызды уақтылы төлемеген 61 жастағы борышкерге іздеу жариялау туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түсті.



 «Әйел үш жылдан артық уақыт бойы қарызды төлемей, Алматы қаласында жасырынған.  Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері екі ай ішінде борышкердің орналасқан жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.



ШҚО ПД көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23