Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды

Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды
Сурет: Bilimdinews.kz

Бұл зал әдебиетсүйер қауым мен зиялы тұлғаларды біріктіретін шығармашылық орын болмақ.

Ұлттық кітапхана қабырғасында құрылған орталық жас ақындар мен прозашылардың өзін-өзі тануына, көркем шығарма жазудың бастапқы дағдыларын дамытуға жағдай жасайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы хабарлаған "Алматы" арнасының ақпаратына сай, залдың қызметі Жазушылар одағымен, Алматы қаласының басқару ұйымдарымен, мәдени және білім беру мекемелерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

Бүгінгі ашылу салтанатына ақын, жазушылар, жастар қатысты. Мұнда түрлі шаралар, кездесулер өткізу жоспарланған.