Алматы әуежайындағы рейстер шегеріліп жатыр

Алматы әуежайындағы рейстер шегеріліп жатыр
Сурет: Elorda.info

Мұндай қолайсыздықтар ауа райына байланысты орын алуда

Алматыны қалың тұман басты. Салдарынан бірнеше әуе рейстері шегерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Бүгін ондаған рейс ұшуға дайындалған. Сондай-ақ, дәл осындай мөлшерде қонуы керек болған.

Қазіргі сағатта Fly Arystan әуекомпаниясының Қостанайдан келетін бір рейсі шегерілгені белгілі болды.

Сондай-ақ, Алматыдан ұшатын 11 халықаралық және ішкі рейс уақытынан кешігіп жатыр. Олардың бірін Fly Arystan, екіншісін Fly Jet, ал қалғандарын Air Astana орындайды.

Әуе айлағының ресми сайтында рейстердің ұшуы мен қонуы жағдайын онлайн бақылауға болады.