Алматы тұрғын үйлерінің бірінде ұрлық жасап жүрген күдіктілер анықталды

Алматы тұрғын үйлерінің бірінде ұрлық жасап жүрген күдіктілер анықталды
Сурет: Gov.kz

Іс тергелуде.

Алматының тұрғын алабында ұрлық жасап жүрген күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтем жасап.

Полицияның мәліметінше, 31 жастағы К.есімді азамат және оның сыбайласы 37 жастағы Б.есімді азамат қаланың Алатау ауданында ұрлық жасап жүрген. Олар жаңа ықшамаудандардағы көп қабатты үйлердің кіреберістеріне кіріп, жеделсатымен соңғы қабатқа көтеріліп, сол жерден баспалдақпен төмен түсіп, велосипедті көтеріп алып кеткен. Кейін оны арзан бағаға сатып жіберген.

«Құрылған жедел тергеу тобы 9 ұрлықтың бетін ашты. Айғақты зат ретінде алты велосипед тәркіленді. Қазіргі уақытта үш велосипед өз иелеріне қайтарылды. Күдіктілердің осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деді Алатау аудандық ПБ қарасты полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Барлық эпизодтар бір өндіріске біріктірілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергелуде.