Елімізде 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Елімізде 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Сурет: Іnbusiness.kz

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов бірқатар тапсырма берді. 

Биыл, болжам бойынша, 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми ресурсына сілтеме жасап.

Баспана кезегінде тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу «бір терезе» қағидаты бойынша бір орталықтан, ашық түрде жүргізіледі. Оның негізгі операторы — Отбасы банкі.

Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері әзірленді. Онда арендалық төлемді субсидиялау және ауылдық жерлерде тұрғын үй салу сияқты қолдау шаралары бар.

Биыл жаңа механизмдер есебінен 70 мың азаматқа үйді жалға алу үшін субсидия беру және ауылдық жерлерде 2,8 мыңға жуық адамды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.

«Е-Құрылыс» және «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйелері, сондай-ақ Қала құрылысы кадастрының порталы арқылы тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі деректердің бірыңғай есебі енгізілуде.

Тұрғын үй саласындағы тәсілдерді топтастырып, бір ретке келтіру үшін Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау жұмыстары басталды.

Тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер бойынша заң жобасының барлық ережесін Парламент палаталарымен сапалы әрі жедел пысықтауды қамтамасыз ету.

Қажетті дерекқорлармен толыққанды интеграциялап, тұрғын үй саласындағы барлық ақпараттық жүйені іске қосу жұмыстарын аяқтау.