Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Үлкен Алматы өзені маңында қар көшкіні жүрді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 17 сәуір күні Алматы қаласының Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде қар көшкіні түскен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қар массаның көлемі — 16 000 текше метр.

«Қар көшкіні таудың етегінде тоқтады. Зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.