59 басшы ұсталған - Антикор

59 басшы ұсталған - Антикор
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Антикор биылғы қылмыстар бойынша есеп берді. Сонымен қатар, су тасқынын жою бойынша бюджет қаражатын бөлуде мониторинг жүргізу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 69 талдау мен мониторинг жүргізген, жемқорлықты жою бойынша 565 ұсыным мен ұсыныс енгізілген.

Жемқорлыққа қарсы еріктілер 17 миллиард теңгеден аса қаражатты негізсіз пайдалануға жол бермеді.

"Биыл 1 тоқсанда 43 проблемалық кейс бойынша 5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 488 қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеді. Сыбайлас жемқорлық жасауда 296 адам әшкереленді, оның 59-ы - әртүрлі деңгейдегі басшылар", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша 188 миллиард теңгеден аса шығын өтелді.