Елімізде машина жасау өндірісі артты

Елімізде машина жасау өндірісі артты
Сурет: Elorda.info

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында ел экономикасы туралы баяндамасында мәлімдеді

Сандық деректерге сәйкес, елімізде машина жасау өндірісі 7,7%-ға өсті. Атап айтқанда, автомобиль жасау – 18,3%-ға, электр жабдықтарын жасау – 12,4%-ға артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

«Химия өнеркәсібі тауарлары — 10,6%, жеңіл өнеркәсіп тауарлары – 7,8%, сусындар – 8,9%, пластмасса бұйымдары – 4%, мұнай өңдеу өнімдері – 3,7%, азық-түлік тауарлары – 3,5%-ға өсті. Салалар бөлінісінде тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 17,8%-ға, көмір өндіру– 1,6%-ға металл кендерін өндіру – 0,6%-ға ұлғайды. Пайдалы қазбаларды өндіруде 9,9%-ға төмендеуі байқалды», – деді Ә. Қуантыров.