Алматы тауларына қар жауды

Алматы тауларына қар жауды
Сурет: Ашық дереккөзі

Әлеуметтік желі қолданушылары тауға түскен қардың видеоларымен жаппай бөлісіп жатыр

19 қазанда Алматы таулары аппақ жамылғыға оранды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында бүгін кешке қарай қар жауды.

3200. Ең биік мұнара (Самая вышка).

Талғардың сол жағы.

Әлеуметтік желі қолданушылары тауға түскен қардың видеоларымен жаппай бөлісіп жатыр.

17 қазанда қалада жылу берілді. 18 қазаннан бастап Алматыда ауа-райы жауын-шашынды.
Синоптиктер қаладағы ауа райының үш күнге арналған болжамын ұсынды.

20 қазан - ауа райы құбылмалы, аспанды бұлт басады, түнде жаңбыр жауады. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Түнде ауа райы +3-5, күндіз 12-14 градус жылы.

21 қазан - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 17-19 градус жылы болады.

22 қазан - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 21-23 градус жылы болады деп күтіледі.