Алматы полициясы жас мамандарды шақырады

Алматы полициясы жас мамандарды шақырады
Сурет: Polisia.kz.

Даярлықты сәтті аяқтаған үміткерлер құқық қорғау қызметіне сынақ мерзімінсіз қабылданады.

Полиция сақшысы болғысы келетін азаматтардың жолы ашылды. Шаһардағы полиция департаменті жас мамандарды жұмысқа шақырып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс істеу үшін 18 жасқа толған, мемлекеттік тілді білетін, заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін, жеке және іскерлік қасиеттері мен денсаулық жағдайы бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің қызметтік міндеттері талаптарын орындауға қабілетті республика азаматтары қабылданады», – делінген Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ішкі істер қызметкерлеріне: тегін емдік-санаторлық қызмет көрсетіледі (ПД емханасы, аурухана бар);  айлық жалақы, тұрақты жалақы (жас маман үшін орташа көрсеткіш: офицерлер үшін - 121 439 теңге, сержанттар үшін - 108 884 теңге);

  - жыл сайынғы ақылы демалыс;

  - тоқсан сайынғы сыйақы төлемдер;

  - отбасының әрбір мүшесіне 42 192 теңге көлемінде тұрғын үй төлемдерін ұсыну (жеке тұрғын үйі жоқтарға);

  - материалдық көмек (балалар туылғанда, некеге тұрғанда, жақын туысының қайтыс болуында және т.б.);

  - ҚР ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарында тегін оқыту (арнайы бастапқы дайындық, бакалавр, магистратура, докторантура, біліктілікті арттыру);

  - зейнетақымен қамсыздандыру;

  - полиция қызметкерлерінің балаларын мектепке дейінгі мекемелерге кезектен тыс қабылдау;

 Және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, алғашқы кәсіптік даярлықты сәтті аяқтаған үміткерлер құқық қорғау қызметіне сынақ мерзімінсіз қабылданады және бәрімен бірдей кластық шен беріледі.