Алматы полициясы қайыршыларды анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр

Алматы полициясы қайыршыларды анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы қайыршыларды анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр.

Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қаланың жергілікті полиция қызметінің инспекторлары аталған қызмет түрін анықтап, жолын кесумен айналысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Polisia.kz-тің мәліметінше, кәсіпкерлік субъектісі болып саналмайтын, сондай-ақ көріпкелдік, қайыр сұрау, яғни қоғамдық орындарда заттарды сатып алу, сату, айырбастау немесе сексуалдық сипаттағы қызметтерді көрсету мақсатында адамдардың мазасын алу әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

«Алматы еліміздің қаржы орталығы ретінде, өкінішке қарай, инвесторлар мен туристерді ғана емес, жеңіл ақшаны жақсы көретіндерді де қызықтырады. Қайыршылықтың басым бөлігін көрші елдердің азаматтары жасайды. Мұндай адамдар анықталған кезде біз оларды тіркеуге аламыз және көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен елден шығарамыз. Егер халықаралық тәжірибені ұстанатын болсақ, онда мұқтаж жандарға көмек көрсететін арнайы ұйымдарға қайырымдылық пен садақа берген жөн. Бұл қоғамдық бірлестіктер, еріктілер. Жалғызбасты қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен басқа да мұқтаж адамдар олардың бақылауындп. Оларға түрлі көмек көрсетіп тұрады», – деді патрульдік полиция полкінің командирі Орал Ахимов.

Бір ғана ауданның өзінде бір аптада қоғамдық орындарда азаматтардың мазасын алған 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Садақа сұрағандардың көпшілігі ірі базарлар, сауда үйлері мен азаматтардың көп жиналатын жерлерінде тұрады. Бұл негізінен кішкентай балалары бар әйелдер. Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабына сәйкес құқық бұзушылық дерегі бойынша әкімшілік материал жиналды. Қайыршылар жиі жолдың ортасында жүреді, осылайша жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіреді», – деді Ахимов.