Алматыда қыс мезгілінде электрлі коммуналдық машиналар қызмет көрсетеді

Алматыда қыс мезгілінде электрлі коммуналдық машиналар қызмет көрсетеді
Суретті түсірген - Д.Исаев

Жаңа маусымда қаланы тазалауға жаңа техника, оның ішінде Қазақстанда алғаш рет электрокарлар пайдаланылады. Жаңа машиналарды қолдану қалалық маңызы бар магистральдар мен көшелер бойындағы қауіпті қол еңбегінен толық бас тартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Алматы тазалық» МКК үшін қалалық бюджеттен қосымша 101 бірлік арнайы техника сатып алу жоспарланған (оның 29-ы жеткізілген). Бұл 17 сыпырғыш-вакуумдық жинау машинасы, 10 самосвал, 12 тротуар жинау машинасы, 9 қоқыс тасушы, 5 шағын трактор, 37 аралас жинау машинасы, 10 фрезер және 1 манипулятор. Сатып алынатын барлық техника әмбебап және қысқы және жазғы мезгілде де пайдаланылады», - деді Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев. 

Сонымен қатар, Қазақстанда алғаш рет коммуналдық қызметке электрлі коммуналдық машиналар келеді. Бұл 18 көпфункционалды тротуар тазалайтын электр көлік (оның 6-сы жеткізілген). Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар аясында жыл соңына дейін сатып алу көзделген. 

Сатып алынатын машиналар экологиялық таза. Мысалы, Dulevo 6000 CNG – әлемдегі жалғыз механикалық сорғы тазалау техникасы, бұл өнімділікке кері әсер етпейді, механикалық тазалаудан айырмашылығы шаң шығармайды. PONY Р-4, Р-3 жазда тротуарларды немесе ғимараттарға іргелес жерлерді тазалау немесе жуу, жолдың шеттері мен жиектерінде шөп шабу, гүлзарларды суару үшін пайдаланылады, ал қыста қар тазалау және тротуарларда, көлік тұрақтарына және тар аллеяларда реагенттерді шашу үшін пайдалануға болады. Осылайша, бұл машиналар өнімділікті арттырып, тазалау уақытын бірнеше есеге қысқартады.